Асханасының жағдайына оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру шарттарын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тексеру
2025 жылғы 17 қарашада әлеуметтік педагог, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, медбике, шаруашылық меңгерушісі және комиссия төрайымының қатысуымен «Сочинское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ асханасының жағдайына оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру шарттарын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында келесілер анықталды:
-
Асхана бөлмесінің санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Ылғалды жинау жүргізілген, қоқыс уақтылы шығарылып отырады.
-
Азық-түлік өнімдері жарамдылық мерзімдері мен температуралық режимді сақтай отырып қоймада сақталған. Тоңазытқыш камералары жұмыс істеп тұр.
-
Күнделікті мәзір оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мектеп рационына қойылатын талаптарға сәйкес құрастырылған.
-
Тексеру барысында тамақтанудың қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жоқ.
-
